Алматыдағы оқу-жаттығу жұртты дүрліктірді

Қытайдың Ухан қаласынан тараған қауіпті вирусқа байланысты Алматы қаласының халықаралық әуежайы оқу-жаттығу шарасын өткізді. Егер осындай жағдай бола қалса, инфекционист дәрігерлер қандай әрекетке көшу керегін көрсетті.

Алматы, NEGE. Олар «вирус жұқтырған науқасты» ұшақтан түсе сала оқшаулап, арнайы карантиндік боксқа жатқызды. «Бұл шара алдын алуға байланысты өткізілді. Сондай-ақ, бұл Алматы Халықаралық әуежайы медициналық қызметінің дайындығын тексеруге арналды» делінген ақпаратта.

Қазір бұл вирустан Қытайда 830 адам ауырып, 26 адам көз жұмды. Коронавирус Таиланд, Жапония, АҚШ, Оңтүстік Корея, Сингапур, Вьетнамда тіркелді.  

Қазір оқып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

21 наурыз – «Ынтымақ күні»

Журналист Ботагөз Омарова үйқамаққа алынды

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды