Алматыдағы жекеменшік мектептегі булингке қатысты іс тоқтатылды

Алматыдағы жеке мектептердің бірінде кәмелетке толмаған оқушыға қатысты буллинг болды деген ақпарат бойынша қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлады Алматы полициясы.

Polisia.kz

Алматы, NEGE. Іс Наурызбай аудандық Полиция басқармасында тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілген.

Тергеу барысында аталған мәліметтер расталмады, буллинг фактілері анықталған жоқ.

«Қылмыстық іс қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Қабылданған шешім прокуратурамен келісілді.
Полиция департаменті азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарын, әсіресе кәмелетке толмағандарға қатысты, тексерілмеген ақпаратты таратудан бас тартуға шақырады», – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Вице-президент институты: басты фавориттер кімдер?

«BAE Systems» Питер Фостермен бірге кетті. Бізді НЕГЕ қызық кезең күтіп тұр?

Депутат: Санжар Боқаевқа тағылған айып бойынша бас бостандығынан айыру жазасы көзделген

Ақтөбе облысында төбелес кезінде 17 жастағы жігіт пышақ жарақатынан қаза тапты