Алматыдағы 2,2 млрд теңгелік коттедждің кімге тиесілі болғаны анықталды

Алматы қаласының Мемлекеттік активтер басқармасы аукционға шығарған құны 2,2 млрд теңге болатын коттедж бұған дейін Нұргүл Ертаеваның меншігінде болған.

e-qazyna

Астана, NEGE. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі хабарлады.

«Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 2024 жылғы 5 қаңтардағы қаулысын орындау мақсатында, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Мирас шағын ауданы, 188-үй мекенжайында орналасқан тәркіленген жылжымайтын мүлік нысаны Ертаева Н.А.-дан қаланың коммуналдық меншігіне қабылданды.

Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларының 96-тармағына сәйкес, коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіруден түскен қаражат жергілікті бюджетке бағытталады», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сот кабинеті деректеріне сәйкес, 2024 жылғы 5 қаңтарда Нұргүл Алдашқызы Ертаеваға қатысты іс сот өндірісінде болған. Ол – Bank RBK-тен 144 млрд теңге жымқыру ісі бойынша сотталған банкир Жомарт Ертаевтың жұбайы. Кейбір мәліметтерге қарағанда, олар ажырасқан.

Еске сала кетейік, тәркіленген жеке бассейні бар үй әл-Фараби даңғылынан жоғары орналасқан. Жақын маңында Тұңғыш Президент саябағы, «Жайлау» гольф-клубы және жекеменшік білім беру мекемелері, соның ішінде халықаралық «Мирас» мектебі бар.

Қазір оқып жатыр

Денсаулық министрлігі хантавирусқа байланысты үндеу жасады

Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі 79%-ға дейін өсуі мүмкін

Тоқаев: «Орталық Азия – Қытай» форматы ортақ қауіпсіздіктің үйлесімді үлгісі болуы қажет

Курчатов қаласында балабақшаның 75 қызметкерінің жеке дерегі тарап кеткен