Алматыда блок-бекеттерді айналып өтуге уәде еткен такси жүргізушілері ұсталды

Алматы қаласындағы №20 блок-бекеттің полицейлері адамдарға бекеттерді айналып өтіп қалаға жеткізуге уәде еткен бес такси жүргізушісін ұстаған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.


Алматы, NEGE. Бұл қызметі үшін күдіктілер адам басына 3 мыңнан 5 мың теңгеге дейін сұраған. Ұсталған азаматтар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 476-бабы (Төтенше жағдай туралы режимді бұзу) бойынша жауапқа тартылған.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен оларға айыппұл салынған.

Қазір оқып жатыр

Жол апатына себеп болған Zeekr жүргізушісі мас болған – ІІМ

Бектенов Түркістан облысында бұлақ көзін тазартып, ағаш отырғызды

Сәуірде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өсуі мүмкін

10 мың теңгелік ескі банкноттарға қатысты жағымды жаңалық айтылды