Алматыда бизнес-орталықтан өрт шықты

Алматыда бизнес-орталық өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

  

Алматы, NEGE. «Сағат 00:31-де 101 қызметіне Алмалы ауданы Жұмалиев көшесіндегі «Grand Asia» бизнес-орталығында өрт тұтанғаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер 1-қабаттан бастап 12-қабатқа дейін керамогранит астына төселген жылытқыштың сыртқы қаптамасы жанып жатқанын анықтады. Қызыл жалын 02:18-де толық сөндірілді. Өрт 150 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Тілсіз жаудың алдын ала себебі – пиротехниканы қолдану кезінде өрт қауіпсіздігін сақтамау» делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 43 адам және 15 техника жұмылдырылды.

Қазір оқып жатыр

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас балалары бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынбақ