Алматыда бір отбасы белгісіз умен уланды

Алматы қаласының тұрғындары 67 жастағы Светлана Баленко мен оның 30 жастағы ұлы Денис Баленко белгісіз умен уланған. Светлананың қызы – Марина Баленконың сөзіне қарағанда, пәтердегі көршілердің де денсаулығына қауіп төніп тұрған көрінеді, деп хабарлайды ҚазТАГ.

Алматы, NEGE. «Сенбі күні таңертең анам терезелер мен балконға жәндіктерді өлтіретін «АйдаҺар» атты қытайда жасалған затты сепкен. Жексенбі күні Денис түске қарай қатты ауырып қалды. Оны ауруханаға жатқыздық, сосын оны жан сақтау бөліміне алып кетті. Дүйсенбіде анам да жан сақтау бөлімінен бір-ақ
шықты. Олар есінен танып, өкпелері жұмыс істемей қалған. Қазір өкпені жасанды желдетіп тұратын аппаратта жатыр. Дәрігерлер залалсыздандырайын десе, қандай удан уланғанын білмей дал. Пәтерге бас сұққандардың бәрінің, туыстарыма көмек көрсеткен адамдардың денсаулықтары сыр бере бастады. Осы удың кесірінен көзім көрмей қалды. Бұл у желдеткіш арқылы көршілерге де тарап кетуі ықтимал», – дейді Марина Баленко.

Дәрігерлер олардың фосфор-сульфатты удан уланғанын, оған қарсы антидоттарының жоқ екенін айтқан. Бір отбасының неден уланғанын нақты анықтау үшін алдымен «Айдаһардың» құрамын тексеру керек. Оны бейбақтар Алматыдағы «Жетісу» базарынан сатып алыпты.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты