Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Ресей Мемлекеттік думасындағы ЛДПР фракциясы жетекшісінің орынбасары Сергей Леонов жұмыс сапарымен Қазақстанға келіп, Алматыда Владимир Жириновский дүниеге келіп, балалық шағын өткізген үйге барды.

Станислав Красильников/ТАСС

Астана, NEGE. Парламент депутаты ғимараттың қасбетіне естелік тақта орнатуды ұсынды.

Фото: 2gis

Аталған нысан қала орталығындағы Масанчи көшесі, 79-үй мекенжайында орналасқан. Леоновтың айтуынша, қазір бұл жердің ЛДПР негізін қалаушының өмірбаянымен байланысын көрсететін ешқандай белгі жоқ.

«Бұл үйге оның туғанына 80 жыл толар қарсаңында барғанымның символдық мәні бар. Әрине, ғимараттың қасбетінде дәл осы жерде ұлы ресейлік саясаткер Владимир Вольфович Жириновский дүниеге келгені туралы естелік тақта пайда болса, тамаша болар еді. Сонда бұл аңызға айналған үй туралы көбірек адам біліп, саясаткердің өмір жолымен жақынырақ танысар еді», – деді Леонов.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін вице-премьер Ермек Көшербаев Алматыда Владимир Жириновскийге ескерткіш қойылуы мүмкін деген ақпаратқа жауап берген болатын. Ол журналистердің сауалына: «Әрине, жоқ», – деп қысқа жауап қайырған.

Қазір оқып жатыр

Министрлік Aitu қосымшасына қатысты «накруткаға» бақылау жасамайды

«Кресло», «жалюзи», «комодқа» қазақша атау тапқанға ақша беріледі

Қазақстан Германияға мұнай жеткізу бағытын өзгертті

Қазақстандықтардың 86 пайызы өзін діндар деп санайды