USD
USD
USD

Алматыда Жириновскийге ескерткіш қойыла ма? Вице-премьер жауап берді

Бұған дейін Жириновскийдің 80 жылдығына орай 2026 жылы Алматыда ескерткіш қойылуы мүмкін деген ақпарат тараған болатын. 

Владимир Жириновский
Фото: Илья Питалев / РИА Новости

Алматы, NEGE. Вице-премьер Ермек Көшербаев Алматыда Владимир Жириновскийге ескерткіш қойылуы мүмкін деген ақпаратқа жауап берді.

Ол журналистердің сауалына: «Әрине, жоқ», - деп қысқа жауап берді.

Естеріңізге сала кетейік, Ресейде 2024 жылдың қарашасында Путин саясаткердің туған күнін 2026 жылы мемлекеттік деңгейде атап өту туралы жарлыққа қол қойған болатын. Мерейтойды атап өтуге арналған құжаттарда Алматы Жириновскийдің «кіші отаны» деп аталған. Сол себепті ресейлік депутаттар Алматыда ескерткіш орнату туралы бастаманы көтерген. 

2005 жылы Владимир Жириновский Қазақстанды «ешқашан тарихта болмаған мемлекет» деп атаған мәлімдемесінен кейін, ел билігі оның Қазақстанға кіруіне және ел аумағында болуына тыйым салып, «персона нон грата» тізіміне енгізген.

Жириновский 2022 жылы 2 ақпанда коронавирус жұқтырып, 75 жасында қайтыс болды.

Қазір оқып жатыр

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар

Қамаудан босатқан күдіктіні қайта ұстаған: заң не дейді?

Заң

Ақтөбеде жер қойнауын пайдаланушылар 1,2 млрд теңге салық төлемеген

Салық

Құрылтайда жаңа депутаттық топ құрылды: оны Дана Медеуова басқарады

Дана Медеуова