Алматыда жаңа автобус бағыты ашылады

Алматыда 13 желтоқсаннан бастап «Нұршашқан» шағын ауданынан – Алматы-2 теміржол вокзалына» қатынайтын №91 автобус бағыты ашылады.

Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Бағытты «Алматыэлектротранс» компаниясы 12 «Golden Dragon» газбен жүретін автобустарымен қамтамасыз етеді. Автобустардың қозғалыс аралығы шамамен 12 минут. Бұл бағыт сынақтық режимде жұмыс істейді және байқау өткізілгенге дейін жалғасады.

gov.kz

Жолаушылар легі мен тұрғындардың қажеттіліктеріне сәйкес қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен қалаға 600 автобус, 112 троллейбус және 100 электроавтобус сатып алынды. Сондай-ақ, 18 қала маңындағы және 3 қала ішіндегі маршрут ұйымдастырылды.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды