Алматыда заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан ұсталды

Алматы қалалық полиция департаменті бұл ақпаратты растады.

instagram.com/adiletkhan

Астана, NEGE. 31 наурызға қараған түні ел арасында танымал блогер әрі заңгер Әділетхан Молдаханның ұсталғаны мәлім болды.

«Әділетхан мырзаны Алматы қалалық полиция департаменті қамауға алды. Не себепті ұсталғанын білмей отырмыз. Соңғы рет әл-Фараби даңғылындағы жол апаты туралы мәлімдемесі резонанс тудырған еді. Біраз кісінің есімін атады. Соған байланысты ұстады ма, ол жағын нақты білмейміз», – деп мәлімдеді желіде заңгердің Нұрлыхан есімді көмекшісі.

Қалалық полицияның баспасөз қызметі Молдаханға қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарының басталғанын хабарлады.

«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеп-тексеру амалдары жалғасуда», – деп қысқа қайырды ведомствоның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Әділетхан Молдаханның Instagram желісіндегі парақшасына бір миллион адам жазылған. Ол азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша заңгерлік кеңес берумен айналысады. 

Бұған дейін блогер Алматының әл-Фараби даңғылындағы жол апатына қатысты резонанс тудырған видео жариялады. Ол апат алдында көлік жарысы ұйымдастырылғанын, жарысқан көліктердің арасында Полиция департаменті бастығы орынбасарының қызметтік көлігі де болғанын мәлімдеген еді. 

Қазір оқып жатыр

1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгертілді

Павлодарда ер адам 125 млн теңгенің мүлкі үшін әйелін суға батырып жіберген

Танагөз Толқынқызы қазақ қоғамы туралы жазбасынан кейін полицияға шақыртылды

Александр Машкевичтің қыздары «Еуразиялық банктің» ірі қатысушысы мәртебесіне ие болды