Алматыда тоғызқұмалақ шеберлері өзара бақ сынайды

Алматы қаласында тоғызқұмалақ бойынша ерлер және әйелдер арасындағы классикадан жекелей Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды, деп жазды Kazinform.  

Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Республикалық дода Алматы төрінде, ҚР Орталық мемлекеттік мұражайында ұйымдастырылып жатыр. Жалпы сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 130-дан астам тоғызқұмалақшы қатысуда. Олардың арасында Әсел Дариева, Ғалымжан Темірбаев, Жанат Каймулдин сынды әлем чемпиондары да бар.

Айта кетейік, бұл чемпионат алдағы Х Дүниежүзілік көшпенділер ойындары мен әлем чемпионатына іріктеу сайысы болып есептеледі.

«Тоғызқұмалақ - әлемдік мәдениеттің кез келген үлгілерімен бой теңестіре алатын қазақтың ұлттық ойыны. Арифметика мен алгебраның элементтері кездесетін бұл ойынды кезінде қазақтың ұлы ақыны Абай да сүйіп ойнағаны туралы деректер бар.

Жарыс 26 ақпанға дейін жалғасады.

Қазір оқып жатыр

Шыментте екі колледжде 1,3 млрд теңге жымқырылған: күдіктінің Дубайдағы пәтері бұғатталды

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты