Алматыда тауық жұмыртқасының бағасы тұрақталды

Алматыда тауық жұмыртқасын саудалауға шекті баға белгіленді.

pixabay.com

Алматы, NEGE. «Алматы» ӘКК» АҚ бірінші санаттағы жұмыртқаның бағасын тұрақтандыру үшін «Сары-Бұлақ» құс фабрикасымен келісімшарт жасасты. Ай сайын нарыққа бір данасы 58 теңгеден аспайтын бағамен 2,4 млн жұмыртқа жеткізіледі.

Енді өндіруші бағасы – 51 теңге, дүкендегі сауда үстемесі 7 теңгеден аспайтын болады. Бұл шара 36 айға созылады, ал өнімдерді супермаркеттер мен шағын дүкендерден алуға болады.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған