Алматыда өзіне қол жұмсамақ болған оқушының қазіргі жағдайы белгілі болды

Алматы қаласының балалар омбудсмені Диана Ерлан ауруханада жатқан қыздың қазіргі жағдайынан хабардар етті.

freepik.com

Астана, NEGE. Оның мәлімдеуінше, қыздың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр, дәрігерлер оң өзгеріс байқалатынын айтқан.

Сондай-ақ балалар омбудсмені қыздың әкесімен байланысып отырғанын, оған психологиялық көмек ұсынылғанын атап өткен. Бұл жайт бойынша қалалық білім басқармасы мониторингтік топ құрған.

«Оқиғаның барлық мән-жайы, себептері мен фактілері анықталуда. Тергеу аяқталғанға дейін қауесеттер мен тексерілмеген ақпарат таратудан, сондай-ақ үшінші тұлғаларды жанама айыптаудан аулақ болуды сұраймыз», – деп жазды Диана Ерлан желідегі парақшасында.

Еске сала кетейік, Алматыдағы Әшімов QSI мектебінің оқушысы өзіне қол жұмсауға әрекеттеніп, ауруханаға түсті. Қыздың әкесінің айтуынша, ол ұзақ уақыт бойы сыныптастарының тарапынан буллингке ұшыраған.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті