Алматыда көп әйел алуды дәріптеген азамат жазаланды

Алматы полициясы әлеуметтік желіде көп әйел алуды насихаттаған азаматты анықтады.

Алматы ПД

Астана, NEGE. Полицияның мәліметінше, ер адам заң талаптары мен қоғамдағы моральдық құндылықтарға қайшы өмір салтын ашық түрде дәріптейтін жазбалар жариялаған.

Оған Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабының 3-1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Бұл бапта құқыққа қайшы контентті жариялағаны үшін 20 АЕК мөлшерінде жауапкершілік қарастырылған.

Полиция қызметкерлерімен әңгімелескеннен кейін азамат әлеуметтік желідегі жазбаларын өз еркімен өшірген.