Алматыда интернет-алаяқтардың Call-орталығы анықталды

Call-орталық ірі бизнес-орталықтардың бірінде орналасқан болып шықты. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Алматыда интернет-алаяқтардың Call-орталығы анықталып, оны Ресей азаматы ұйымдастырғаны белгілі болды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Call-орталық ірі бизнес-орталықтардың бірінде орналасқан. Оның ұйымдастырушысы Ресей азаматы болса, қызметкерлердің қатарында 24 қазақстандық азамат болған. Олар клиенттерге қоңырау шалып, криптовалютаға инвестиция салуды ұсынған. Клиенттерден ақша алынғаннан кейін, алаяқтар олардың қоңырауларын бұғаттаған», – делінген хабарламада.

Оқиға орнында 60 дана компьютер мен басқа да жабдықтар тәркіленген. Онда қоңырау шалуды анонимді түрде жүзеге асыруға арналған арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету, GSM-шлюздер мен Sim-Box құрылғылары орнатылған. Сондай-ақ, клиенттермен сөйлесу алгоритмдері жазылған дайын сценарийлер бар блокноттар да табылған.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша алаяқтыққа қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Жәбірленушілер мен келтірілген залалдың мөлшері анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр