Алматыда есірткіге мас күйде мопед басқарған жүргізуші ұсталды

Алматыда есірткіге мас күйде мопед басқарған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Алматыда полицейлер жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған мопед жүргізушісін тоқтатты. Ер адам тәртіп сақшыларының заңды талабын орындаудан бас тартып, қашуға әрекеттенгенімен, көп ұзамай ұсталды.

Медициналық куәландыру нәтижесінде оның есірткілік мас күйде болғаны анықталды. Жиналған материалдар сотқа жолданып, құқық бұзушы көлік жүргізу құқығынан айырылып, әкімшілік қамауға алынатын болады. Ал мопед айыптұрағына қойылды.

 – Мұндай жағдайларға жол беруге болмайды. Әрбір жүргізуші жолдағы қауіпсіздік үшін өз жауапкершілігін сезінуі тиіс. Мас күйде көлік басқару – адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді. Алматы полициясы мұндай құқық бұзушылықтарға қатаң шара қолданады. "Заң мен тәртіп" қағидаты біздің жұмысымыздың негізгі ұстанымы болып қала береді, – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Жақыпбаев.

Қазір оқып жатыр

Алматылықтардың мазасын алған тәжікстандық жасөспірімдер елден шығарылды

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді