Алматыда дзюдодан Азия чемпионын пышақтап кетті

Алматы полициясы спортшы Дамир Исахановқа жасалған шабуылға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

ғаламтордан

Алматы, NEGE.  Алматыда бірнеше адам «дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегері Дамир Исахановты өлтірмек болған». Пышақ соққыларының бірі жүрегіне жақын тұсқа тиген. Спортшы аман қалған.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

«Аталған факті бойынша Алмалы аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғап, күдікті полицияға жеткізілді Тергеу барысы Алматы полиция департаменті басшылығының бақылауында», - делінген хабарламада.

Дамир Исаханов – Қазақстан Республикасының спорт шебері, дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионы, дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысқан.

Қазір оқып жатыр

Kaspi.kz Астанада өтетін IOAI 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының бас серіктесі болды

Іздеуде жүрген төрт қазақстандық ҰҚК арнайы жасағының конвойымен елге жеткізілді

Қазақстанда медианалық жалақы 331 мың теңге болды

Ең қымбат күзетші. Инвестициялық қор НЕГЕ өзін-өзі асырай алмай қалды?