Алматыда АИТВ жұқтырып, 13 жастағы қызды зорлады деп айыпталған ер адам сотталды

30 наурызда Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 13 жастағы қызды зорлады деп айыпталған ер адамның ісі бойынша үкім оқылды.

kzvesti.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде құқық қорғаушы Ләззат Рақышева мәлімдеді.

«Бүгін, 30 наурыз күні Алматы қаласында сот процесі өтті. Сот айыпталушыны аса ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», – деп хабарлады ол желідегі парақшасында.

Бұған қоса сот екі адвокат пен айыпталушының бауырына қатысты дәлелдемелерді бұрмалау фактісі бойынша екі жеке қаулы шығарған. Материалдар тексеру және қылмыстық іс қозғау мәселесін шешу үшін прокурорға жолданған.

«Бұдан бөлек сот Қылмыстық кодекстің 118-бабы (Адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру) бойынша да жеке қаулы шығарды. Себебі сотталған адам өзінің АИТВ жұқтырғанын біле тұра, кәмелетке толмаған баланың денсаулығына қасақана қауіп төндірген», – дейді Ләззат Рақышева.

Ләззат Рақышеваның мәлімдеуінше, қылмыс 2025 жылғы 1 қыркүйекте жасалған. Қыздың әкесінің досы күдікті ретінде танылды. Тергеу барысында қызға күдіктінің туыстары мен адвокаттары, сондай-ақ әкесі тарапынан психологиялық қысым жасалғаны айтылды.

Қазір оқып жатыр

«Тоқтайтын түрі жоқ»: Депутат Алматыдағы апаттан кейін жазаны күшейтуді талап етті

Air Astana-ны 21 жыл басқарған Питер Фостер ресми түрде қызметінен кетті

Депутат ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру жолдарын ұсынды

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті психиатриялық ауруханаға жатқызылды