USD
USD
USD

Алматыда АИТВ жұқтырған ер адам 13 жастағы қызды зорлаған

Құқық қорғаушы Ләззат Рақышеваның мәліметінше, қылмыс 2025 жылғы 1 қыркүйекте болған.

жасөспірім
Фото: Pixabay

Алматы, NEGE. Қыздың әкесінің досы күдікті ретінде танылып отыр. Күдіктінің АИТВ-мен ауыратыны айтылуда.

Ләззат Рақышеваның айтуынша, оқиға болған сәтте қыздың анасы колонияда отырған. Ол ішімдікке мас күйде көлік басқарғаны үшін жазасын өтеп жатқан. Қыздың анасына қылмыс фактісі мен тергеу, сот процесі туралы хабарланбаған, бұл жайында ол тек алты айдан кейін ғана білген.

Сонымен қатар, тергеу барысында қызға күдіктінің туыстары мен адвокаттары, сондай-ақ әкесі тарапынан психологиялық қысым жасалғаны белгілі болды. Ләззат Рақышева қыздың әкесі күдікті деп танылған досын жақтап отырғанын айтты. Қыз қажетті психологиялық көмек ала алмаған және кейін сотта берген жауабын өзгерткен.

Алматы ПД хабарлауынша, қылмыстық істі тергеуді Алматы қаласы Алмалы ауданы полиция басқармасы жүргізген. Күдікті оқиға болған жерден дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Тергеу 2025 жылғы желтоқсанда аяқталып, қазіргі таңда іс материалдары сотқа жолданған. Полиция мәліметінше, бұл іс басшылықтың ерекше бақылауында.

Қазір оқып жатыр

«Ақ үйде досыңыз бар деп айта аламын»: Тоқаев Трамптың арнайы өкілімен кездесті

Тоқаев

2025 жылға арналған барлық әлеуметтік міндеттеме орындалды – Мәди Такиев

Мәди Такиев

Шахматшы Бибісара Асаубаева Спорт министрлігіне шағымданып Тоқаевтан көмек сұрады

Бибісара Асаубаева

Қазақстанда мектеп оқулықтарынан 700-ден астам ескертпе мен қателер анықталған

Оқулықтар