Алматыда 9 мамыр күні бірқатар көше уақытша жабылады

Ертең 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында гүл шоқтарын қою салтанатты рәсіміне байланысты саябақ аумағында бірқатар көше уақытша жабылады. 

Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Сағат 07:00-ден 12:00-ге дейін Қонаев – Жібек жолы – Қазыбек би – Бәрібаев көшелері аумағында көлік қозғалысы тоқтатылады. Бұл аумақта автотұрақ та уақытша жабылады.

Сондай-ақ осы уақыт аралығында Гоголь көшесі Орталық мәдениет және демалыс саябағынан Қонаев көшесіне дейін толықтай жабылады.

– Осы кезеңде көліктерді бұл көше бойында қалдырмауды сұраймыз, –деп ескертеді басқармадан.

Одан бөлек іс-шараға қатысушыларға ыңғайлы болу үшін 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағынан келесі бағыттар бойынша біржақты тегін тасымалдау ұйымдастырылады:

– Достық даңғылы (Төле би және Қазыбек би көшелерінің арасы) – Абай алаңы – Орталық стадион;

– Қалдаяқов көшесі (Гоголь көшесінің оңтүстігінде) – Халық Арена;

– Гоголь көшесі (Қонаев көшесінің бұрышы) – Райымбек батыр даңғылы / Абылай хан көшесі;

– Қонаев көшесі (Гоголь мен Қазыбек би көшелерінің арасы) – «Сәлем» базары;

– Гоголь көшесі (Қалдаяқов көшесінен батысқа қарай) – Алматы Арена.