Алматы облысында кішкене баланы ит талап өлтірді

«Алматы облысында жас баланы ит талап өлтірді», деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасай отырып.

Неміс төбеті тұқымдас ит өз иесінің 8 жасар баласын талап өлтірген. Қазір итті арнайы қызмет мамандары жансыздандырып, аудандық полиция осы оқиғаға қатысты іс қозғаған. Қайғылы жайт Шелек ауылында болды.