Алматы облысы: Кәсіпкер лицензиясыз ішімдік сатқан

Алматы облысында лицензиясыз ішімдік сатқан кәсіпкер анықталды, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті.

«Қарасай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері 10 желтоқсан күні тексеру барысында аудан аумағында алкоголь өнімін рұқсат құжаттарынсыз сатқан дүкенді анықтады. Атап айтқанда, лицензиясыз және ілеспе құжатсыз, құны 195 400 теңге болатын 716 бөтелке алкоголь өнімі дүкен қоймасында табылды», делінген хабарламада.

Комитет баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған іс бойынша материал Қарасай аудандық сотына әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдау үшін жіберілген.

 

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

Израиль президенті Астанаға келді

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды