Алматыда сот Қожамжаровтың бауырына тиесілі мүлікке тыйым салды

17 қараша күні Алматы қаласының Медеу аудандық соты Қазақстан Халық банкінің талап-арызы бойынша бұрынғы бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың бауыры Дулат Қожамжаровтың мүлкіне тыйым салды.

Сенаттың баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Сот анықтамасында жауапкерлер Қожамжаров Дулат Пернешұлы мен Қожамжарова Гүлназ Сағатбекқызыға, сондай-ақ «Oйл Снаб» компаниялар тобы» ЖШС, «HILL Resources» ЖШС, «HILL Invest» ЖШС, «AvtoTechMas Ltd» ЖШС-на тиесілі жылжымалы және жылжымайтын мүлікке 2 627 160 208 теңге көлемінде тыйым салынатыны көрсетілген.

Бұған дейін Forbes Kazakhstan Дулат Қожамжаровтың байлығын 110 млн долларға бағалап, оны елдегі ең бай бизнесмендер тізімінде 57-орынға жайғастырған еді.

Сондай-ақ Бас прокуратураның активтерді қайтару жөніндегі комитеті Дулат Қожамжаровты «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң аясындағы арнайы тізілімге енгізген.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда дизель отынына цифрлық және түстік бақылау енгізілді

Иран тарабы Ядролық қаруды таратпау туралы шарттан шығуы мүмкін екенін мәлімдеді

Қылмысқа жәрдемдесу ретінде сараланады: полиция ата-аналарға үндеу жасады

Алматы облысында 20 түрлі дәрі шығаратын фармацевтикалық зауыт салынады