USD
USD
USD

Қожамжаров активтерді қайтару бойынша арнайы тізімге енгізілді

Бас прокуратураның Активтерді қайтару комитеті кәсіпкер Дулат Қожамжаровты (оның суреті ешбір дереккөзде жоқ) «Заңсыз алынған мүлікті мемлекетке қайтару туралы» заң аясындағы арнайы тізілімге енгізді, деп жазады Nege.Aqsha телеграм каналы. 

Қожамжаров
Фото: NEGE

Алматы, NEGE. Тізімдегілердің беделіне нұқсан келмеуі үшін биліктегілердің өзі оны құпия ұстап отыр.

Қожамжаровтың өкілдері Бас прокурорға шағымданып, активтерді қайтару жөніндегі комиссияның шешімін жоюды сұраған. Дегенмен, оларға комиисияның әрекеті заңды екені көрсетілді.

Forbes Kazakhstan журналы Дулат Қожамжаровтың байлығын 110 миллион долларға бағалады. Ол елдің ең бай кәсіпкерлерінің тізімінде 57-орында тұр. Ол түрлі техникалық майлар мен жағармай өнімдерін өндірумен айналысатын Шымкенттегі ірі өндіруші Hill Corporation компаниясына иелік етеді.

Дулат Қожамжаров – Бас прокурор әрі Сенат депутаты болған Қайрат Қожамжаровтың (суретте) ағасы.

Қазір оқып жатыр

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев