22 апреля 2025 г. 14:22

Алматы полициясы үйсіздерді Қонаевқа әкету туралы деректі тексеріп жатыр

Фото: Polisia.kz

Әлеуметтік желіде тәртіп сақшылары үйсіздерді, оның ішінде арбаға таңылған адамдарды Алматыдан Қонаевқа апарып тастағаны туралы ақпарат тарады. 

Алматы, NEGE. Алматы қаласы Полиция департаменті бұл дерекке қатысты мәлімдеме жасады.

«Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты тергеу жүріп жатыр. Сонымен қатар әлеуметтік және медициналық қызметтермен бірлесе отырып, профилактикалық іс-шаралар, оның ішінде тұрғылықты жері жоқ адамдарды анықтауға бағытталған шаралар тұрақты түрде жүргізілетінін хабарлаймыз. Полиция қызметкерлерінің барлық іс-әрекеті қолданыстағы заңнама аясында жүзеге асырылады. Сондай-ақ адамдарды ешқандай жағдайсыз көшеде қалдырып жатыр деген ақпарат шындыққа жанаспайтынына назар аударғымыз келеді», –  деп хабарлады департаменттен.