Алматы облысында жасырын есірткі зертханасынан 11 келіден астам «мефедрон» тәркіленді

Қарасай ауданында синтетикалық есірткі өндіру және таратумен айналысқандар ұсталды.

Полиция

Алматы, NEGE. Жедел шаралар барысында 11 келіден астам «мефедрон» тәркіленді. Күдіктілер бұл арқылы құны 1,6 млн АҚШ доллары болатын 35 мың бір реттік дозаны шығармақ болған. Бұл туралы ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті хабарлады.

«Тінту барысында 20 литр және 115 кг психотроптық зат пен екі тоннадан астам прекурсор тәркіленді. Оларды өңдеу арқылы 120 кг синтетикалық есірткі дайындау жоспарланған. Қылмыстық ортаға 17,5 млн АҚШ доллары көлемінде залал келтірілді», - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.

Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қазір оқып жатыр

Алматылықтардың мазасын алған тәжікстандық жасөспірімдер елден шығарылды

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді