Алматы облысында үш есірткі зертханасы анықталды

Алматы облысының Полиция департаменті есірткіге қарсы қандай іс-шаралар жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Облыстық ПД мәліметінше, өңір аумағында үш есірткі зертханасы анықталды. Есірткі сататын интернет-дүкендердің қаржы арналарын бұғаттау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Наркобизнеске тиесілі 600-ден астам банк шоты бұғатталып, жалпы сомасы 18 миллион теңгеге жуық қаражат тоқтатылды.