Алматы облысында атыс болды

Алматы облысының Талғар ауданында атыс болды. Бұл туралы мәлімет әлеуметтік желіге тарады. 

polisia.kz

Алматы, NEGE. Алматы облысының Полиция департаменті аталған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

– Қабылданған шаралар нәтижесінде оқиғаға қатысушылардың бәрі анықталды. Ауруханаға жеткізілген төрт күдіктіні полиция күзетіп тұр. Бір айыпталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп түсіндірді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомстводан іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын атап өтті.