Алматы мен Жетісу облысының тұрғындары жер сілкінісін сезді
4 маусым күні сағат 21:19-да сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.
Астана, NEGE. Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 316 шақырым жерде орналасқан. Эпицентр координаттары: 44.547° солтүстік ендік, 80.405° шығыс бойлық. Жер сілкінісінің ошағы 30 шақырым тереңдікте болған.
Сейсмологтардың мәліметінше, жер дүмпуі бірнеше елді мекенде сезілген. Жаркент қаласында жер сілкінісі 4 балға дейін байқалды.
Ал Сарқан, Жансүгіров, Текелі, Шонжы және Жетісу мен Алматы облыстарындағы бірқатар елді мекенде дүмпу 3 балл шамасында сезілген.
Алматы қаласында жер сілкінісінің күші 2 балл болды. Өңірдегі басқа елді мекендердің көбінде дүмпу 2 балл деңгейінде бағаланған.