Алматы маңында жол апаты: тағы бір үндістандық студент қаза болды

Бейсенбі күні Алматы–Бішкек тасжолында болған жол-көлік апатынан кейін ауруханаға түскен үш студенттің бірі қайтыс болды. Бұл жөнінде Үндістанның Қазақстандағы елшілігі хабарлады.

gov.kz

Астана, NEGE. Үш күннен бері жансақтау бөлімінде жатқан студент бүгін таңертең жантәсілім еткен.

«Қайғылы жағдай салдарынан 2026 жылғы 6 қаңтардан бері жансақтау бөлімінде жатқан 2001 жылғы Рахул Ядавтың бүгін таңертең қайтыс болғаны туралы өкінішпен хабарлаймыз. Оның мәйітін тасымалдау мәселесі ұйымдастырылып жатыр», – делінген елшіліктің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Елшілік мәліметінше, жол апатынан оқиға орнында қаза тапқан екі студенттің мәйіттері Үндістанға бүгін жөнелтіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Toyota Alphard маркалы көлік аударылып, салдарынан жүргізуші мен Үндістанның екі азаматы қайтыс болған еді. 

Жол апатына ұшыраған Үндістан азаматтары Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында оқып жүрген, тағы біреуі Қазақстанға турист ретінде келген.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?