USD
USD
USD

Алматы маңында жол апатынан Үндістаннан келген екі студент қаза тапты

Бұл туралы Үндістанның Қазақстандағы елшілігі хабарлады.

Видеодан скриншот
Фото: Видеодан скриншот

Астана, NEGE. Елшілік мәліметінше, қайғылы жағдай 6 қаңтар күні болған – Үндістанның бес азаматы жол апатына ұшыраған. Олардың төртеуі Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенті болса, біреуі Үндістаннан келген турист болған.

«Өкінішке қарай, екі адам оқиға орнында қаза тапты, ал үшеуі ауыр жарақат алып, жансақтау бөлімінде ем алып жатыр», – делінген елшілік хабарламасында

Елшілік өкілдері қаза болған студенттер – Раджастхан штаты тұрғындарының туыстарына қайғыра көңіл айтқан.

Алматы облыстық полиция департаменті Алматы-Бішкек тасжолының 86-шақырымында болған жол-көлік апаты бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. 

«Алдын ала мәліметтер бойынша, 33 жастағы Toyota Alphard маркалы автокөліктің жүргізушісі көлікті игере алмай, көлік аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі жолаушы медициналық мекемеде қайтыс болды, ал өзге үш адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ полицейлер қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Жетісуда еңбек өтілі 20 жылдан асатын шенеунік құмар ойын үшін жұмыстан босатылды

Шенеунік

14 қыркүйектен бастап тұрғын үй кезегіндегі азаматтардың деректері тексерілмек

Отбасы банк

Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Дұғам қабыл болды»: Бақытжан Базарбек жол апатында зардап шеккен жігіттің қазіргі жағдайын айтты

Базарбек қатысқан жол апатында зардап шеккен адам есін жиды