Алимент төлемеген әке сотталды
Алматыда алимент төлеуге міндеттелгендер саны жыл санап артып барады. 2018 жылы оның саны 11 мың болса, былтыр ол көрсеткіш 14 мыңға жеткен. Бұл туралы «Алматы» телеарнасы хабарлады.
Алматы, NEGE. Андрей Бахтин есімді азамат 2009 жылы әйелімен ажырасқан, екі баласы бар. Балаларының үлкені 13 жаста, ал кішісі 11-де. Алимент төлеуден жалтару үшін ол сот орындаушыларынан жасырынып, тұрғылықты жерін үнемі ауыстырып отырған. 2017 жылы сот шешіміне сәйкес Бахтин іздеушілер тізіміне алынды. Оның жары Юлия Бахтина 2015 жылдан бері сотқа беріп келген, десе де оның арызы қаралмай, 9 рет ресми тоқталып отырған. Алайда, жәбірленуші тараптың адвокаты Полина Габдрахманова мен Жетісу аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері борышкердің екі жерде ресми емес жұмыс жасайтынын анықтады. Нәтижесінде, Алматы қаласының ювеналды соты Бахтинді 139-бабы бойынша кінәлі деп танып, 1 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
«139-бапта көрсетілгендей, ол кісі пробация бөліміне 10 күнде бір келіп, тіркеуден өтіп тұруы керек. Шетелге шығуына болмайды. Тұрғылықты жерін ауыстырмауы керек. Осындай шектеулер қойылады. Ол үкім заңды күшіне толық енген жоқ», – деді қалалық соттың баспасөз қызметінің басшысы Абай Жарылқасын.
«Бір балаға жалақысының 25 пайызын, ал екі балаға 50 пайызын береді. Солай-солай кете береді. Бастысы борышкердің жалақысының 50 пайызынан асып кетпеу керек», – деді қалалық соттың баспасөз қызметінің басшысы Абай Жарылқасын.