Алимент – ойыншық емес

Алматыда «Алимент төле» және «Борышкер» акциялары өтіп жатыр, деп хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасы.

Алматы, NEGE. Жетісу ауданының прокуратурасы жол полициясы қызметкерлерімен және Алматы қаласының жеке сот орындаушыларымен бірлесіп, «Алимент төле» және «Борышкер» акцияларын өткізуде. «Акция борышкерлердің автокөлігін анықтау арқылы алимент берешегін азайтуға бағытталған. Тәжірибе көрсеткендей, автокөлікт алғаннан кейін борышкерлер барлық қарызын бірден төлейді» делінген прокуратура хабарламасында. Шара барысында борышкерлердің 16 автокөлігі ұсталып, 2 млн теңгеден астам қарыз төленді, оның ішінде осы жылдың 14 қарашасында рейд жүргізу барысында алимент төлеушілер 1 млн теңгеге жуық ақша төлеген. Сонымен қатар, алимент төлеуден жалтарған бір азамат жауапкершілікке тартылды. «Осы жылдың қараша айында алимент төлемегені үшін сот үкімімен азамат Б. ҚР ҚК 139-бабы бойынша бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды»,  – деп хабарлайды Алматы қалалық прокуратурасы.

Айта кету керек, Қостанайда алимент төлеуден қашқандардың суреті көшелерге ілінетін болды. Ал 12 мыңнан астам тараздық баласына алимент төлеуден қашып жүр.

Қазір оқып жатыр

Атыраулық «хакер» Түркияда ұсталды

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы