20 ноября 2025 г. 11:00

Алғабастағы өртке ұзартқыш себеп болуы мүмкін

Фото: malim.kz

Түркістан облысында 12 адамның өмірін қиған өртке ақауы бар ұзартқыш себеп болуы мүмкін. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Астана, NEGE. Ведомство өрт фактісі бойынша тергеу жүргізіліп, нақты себебі анықталып жатқанын атап өтті.

«Алдын ала деректер бойынша, өрттің шығуына ақауы бар электрлік ұзартқыш себеп болуы мүмкін. Барлық қызметтердің мамандары жұмысын жалғас­тыруда», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 18 қараша күні таңертең Жетісай ауданының Алғабас ауылында екі қабатты жеке тұрғын үйде өрт шығып, балаларды қоса алғанда 12 адамның мәйіті табылды. Үш адам ес-түссіз күйде жансақтау бөліміне түсті.