Әлем чемпионаты: бүгін төрт қазақстандық боксшы ел намысын қорғайды

6 қыркүйекте бокстан Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында төрт қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлады Ulyssport.

Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

Күндізгі бағдарлама, 15:00 (Астана уақыты)

70 келіге дейінгі салмақта Төрехан Сабырхан ересектер арасында алғаш рет әлем чемпионатында өнер көрсетеді. Оның бірінші қарсыласы Ислам Ячи (Алжир) болмақ.

Кешкі бағдарлама, 22:00 (Астана уақыты)

Виктория Графеева (60 келіге дейін) косоволық Донета Садикумен өзара мықтыны анықтайды.

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Надежда Рябец Қытай өкілі Лина Уангпен қолғап түйістіреді.

Ал 60 келіге дейінгі салмақта Бейбарыс Жексеннің алғашқы қарсыласы Джунмилардо Огаири (Филиппин).

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған

АТ1 мен Вена биржасы. ForteBank НЕГЕ капиталын жедел көбейтуде?