5 сентября 2025 г. 14:17

Әлем чемпионаты: Бүгін екі қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады

Фото: ҰОК

Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында бокстан әлем чемпионаты жалғасуда.

Алматы, NEGE. Кезекті жарыс күнінің күндізгі сессиясында Қазақстан әйелдер құрамасының екі өкілі сынға түседі.

57 келіге дейінгі салмақта Карина Ибрагимова Панагета Кузилумен (Грекия) күш сынасады.

Аида Әбікеева (65 келіге дейін) алғашқы жекпе-жегінде венгриялық Лука Хаморимен кездеседі.

Екі кездесу де күндізгі сессияда өтеді. Ол Астана уақытымен 15:00-де басталады.