Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды
Алматыда 18-21 тамыз аралығында бірқатар ауданда электр жарығы уақытша сөндіріледі. «Алатау Жарық Компаниясы» бұл шағынаудандардағы желілерде жөндеу жұмыстарын жүргізіп, анықталған ақауларды жояды.
Астана, NEGE. Компания қала аумағында электр энергиясын уақытша өшіру кестесін жарияланды.
Жұмыстар негізінен таңертеңгі сағат 08:00-ден кешкі 17:00-ге дейін жүргізіледі. Кейбір көшелерде электр энергиясы 09:00-дан бастап өшіріледі.
18 тамыз
- Әйгерім-1 шағынауданы;
- Тастыбұлақ шағынауданы;
- Каменское Плато шағынауданы.
19 тамыз
- Әйгерім-1 шағынауданы;
- Шаңырақ-1 шағынауданы;
- Тастыбұлақ шағынауданы;
- Таусамалы шағынауданы;
- Өжет шағынауданы.
20 тамыз
- Шаңырақ-1 шағынауданы;
- Шаңырақ-2 шағынауданы;
- Шуақты шағынауданы;
- Қарағайлы шағынауданы;
- Тастыбұлақ шағынауданы;
- Қалқаман-2 шағынауданы;
- Қуаныш шағынауданы.
21 тамыз
- Әйгерім шағынауданы;
- Байбесік шағынауданы;
- Тастыбұлақ шағынауданы;
- Қалқаман-2 шағынауданы.
Еске салсақ, 14 тамызда түстен кейін әуе электр беру желілерінің апаттық ажыратылуы салдарынан Алматы қаласы мен облыс тұрғындары жарықсыз қалды. Энергетика министрлігінің түсіндіруінше, Орталық Азияның энергетикалық жүйесі тарапынан электр энергиясы ауысымының күрт өзгеруінен жүйеде қуат шамадан тыс артып кеткен. Нәтижесінде апатқа қарсы автоматика іске қосылып, тұтынушылар электр қуатынан ажыратылған.
Кейін Қазақстанның басқа да өңірлерінде, сондай-ақ, Өзбекстан мен Қырғызстанның кейбір елді мекендерінде де жарық сөніп қалғаны хабарланды.
KEGOC энергетика жүйесіндегі апатты Қырғызстандағы Тоқтоғұл ГЭС-інде екі гидрогенератордың ажыратылуымен түсіндірді. Соның салдарынан Қазақстанның «Солтүстік – Шығыс – Оңтүстік» электр транзитіне шамадан тыс жүктеме түсіп, елдің оңтүстік аймағы Қазақстанның бірыңғай электр жүйесінен, сондай-ақ Орталық Азияның біріккен энергия жүйесінен бөлініп қалған.
Алайда Қырғызстан тарабы бұл ақпаратты теріске шығарып, «бастапқы ақауды басқа мемлекеттердегі жекелеген энергетикалық жүйелер мен желілердің ажыратылуына тікелей себеп болды деп қарастыруға болмайды» деп мәлімдеді.