USD
USD
USD

Қазақстанда жарықтың өшуі Қырғызстандағы ГЭС-тен басталды – KEGOC

KEGOC

14 тамызда Қазақстанның бірнеше өңірінде электр қуатының өшуіне не себеп болғанын түсіндірді.

тариф
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Компанияның мәліметінше, сағат 14:37-де Қырғызстандағы Токтоғұл ГЭС-інде екі гидрогенератор ажыратылған. Соның салдарынан Қазақстанның «Солтүстік – Шығыс – Оңтүстік» электр транзитіне шамадан тыс жүктеме түсіп, елдің оңтүстік аймағы Қазақстанның бірыңғай электр жүйесінен, сондай-ақ Орталық Азияның біріккен энергия жүйесінен бөлініп қалған.

Нәтижесінде Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Жетісу облыстарында электр қуаты өшкен. Сондай-ақ Қарағанды, Ұлытау және Абай облыстарындағы бірқатар тұтынушы электр энергиясынан ажыратылған.

KEGOC мәліметінше, Қарағанды, Ұлытау және Абай облыстарында электрмен жабдықтау сағат 14:47-де толық қалпына келтірілген. Алматы және Жетісу облыстарында жарық 16:26-да, ал Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарында 16:34-те толық берілген.

Бұған дейін Қырғызстанның Энергетика министрлігі басқа нұсқаны айтқан еді.Ведомствоның мәліметінше, Орталық Азияның біріккен энергия жүйесі Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстігін жалғайтын жоғары кернеулі желі ажыратылғаннан кейін бөлініп кеткен.

KEGOC технологиялық ақаудың нақты себебін арнайы комиссия анықтайтынын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі