Алаяқтық және параға сатып алу: «Қазақмыс» үш қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады
«Қазақмыс» өкілдері қарашада корпорациясының кәсіпорындарына жұмысқа орналастыруға уәде беріп, заңсыз әрекетке барған үш жағдай тіркелгенін хабарлады. Оқиғалар Жезқазған, Сәтбаев және Балқаш қалаларында болған.
Астана, NEGE. Заңсыз әрекеттерді корпорацияның Қауіпсіздік қызметі мен құқық қорғау органдарының бірлесіп анықтаған.
«Аталған деректер бойынша алаяқтық және коммерциялық параға сатып алу бабымен үш қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде», – делінген компания хабарламасында.
«Қазақмыс» сыбайлас жемқорлықтың кез келген түріне, алаяқтыққа және жұмысқа орналастыру кезінде заңсыз делдалдыққа жол бермейтінін мәлімдеді.
Компания өкілдері жұмысқа қабылдау тек ашық конкурстық іріктеу арқылы әске асырылатынын және бұл қызмет тегін екенін ескертті.