Алаяқтар Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі болып хабарласуға көшті

Осы мәселеге байланысты ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті пікір білдірді.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қаскөйлер қазақстандықтарға 250 немесе 270 нысандар бойынша декларацияның мерзімі өтіп кеткенін немесе деректерде қате бар екенін айтып, олардың жеке деректерін алуға тырысады.

— Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері азаматтарға қоңырау шалмайды. Тиісінше ешқандай код, құпиясөз немесе жеке деректер талап етілмейді. Бұл 250, 270 және өзге формаларға да қатысты, — деді Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі Гүлжан Қалменова.

Комитет азаматтарға барлық хабарламалар мен салықтық міндеттемелер туралы ақпаратты тек ресми мемлекеттік сервистер арқылы ғана білуге болатынын еске салды.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды