Алатау өзін-өзі қамтамасыз еткенге дейін қала бюджетінен қаражат алынбайды

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың мәлімдеуінше, Alatau City Authority республикалық бюджеттік бағдарламалардың дербес әкімшісі болады.

«Алатау» АЭА

Астана, NEGE. Оның нақтылауынша, қала бюджеті республикалық бюджет шеңберінде блоктық бюджеттеу қағидаты бойынша қалыптасады. Ол негізінен инфрақұрылымды дамытуға және ұзақ мерзімді жобаларды қолдауға бағытталады.

Жобаларды іріктеу мен қаржыландыру тәртібін Кеңес бекітетін болады. Оған премьер-министр жетекшілік етеді.

Ал қаланың жергілікті бюджеті әлеуметтік және ағымдағы міндеттерді қаржыландыруға жұмсалады.

«Алатау өзін-өзі қамтамасыз еткенге дейін қала бюджетінен басқа бюджеттерге қаражат алуға жол берілмейді», – деп мәлімдеді Бозымбаев.

Айта кетейік, бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы конституциялық заң жобасы таныстырылды. Заң жобасын әзірлеуге жетекші халықаралық сарапшылар тартылған және Қытай, Корея және қалаларының тәжірибесі ескерілген.

Қазір оқып жатыр

Депутат: Санжар Боқаевқа тағылған айып бойынша бас бостандығынан айыру жазасы көзделген

Ақтөбе облысында төбелес кезінде 17 жастағы жігіт пышақ жарақатынан қаза тапты

«ЦОН-дардағы» парақорлықты мемлекеттік корпорацияның өзі анықтаған

Алатау офшорлық аймақ болмайды – Бозымбаев