Алакөлде жасөспірім бала достарының көз алдында суға батып кетті

Алакөлде 17 жастағы бозбала достарының, туыстарының көз алдында суға батып кеткен.

видео-скрин

Алматы, NEGE. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Қайғылы оқиға 6 тамыз күні Абай облысының Мақаншы ауданы Кабанбай ауылының маңында, жағадан шамамен 500 метр қашықтықта болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, ол құтқару жилетінсіз қайықтан суға секірген.

Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі катердің 32 жастағы иесіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын нақтылады.

Ол адам өліміне әкеп соққан немқұрайлылық бабы бойынша күдікке ілінді.

"Шомылуға арналмаған аумақта, жағадан шамамен 500 метр қашықтықта 17 жастағы жасөспірім катерден құтқару жилетінсіз суға секіріп, батып кетті", - деп хабарлады Абай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

Қарағандыда 12 жасар қыз бен оның анасының өліміне күдікті ер адамның денесі табылды

Алматыда кәсіпкерлерге криминалдық қысым көрсеткендер ұсталды