2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Алакөл көлінде құтқарушылар жоғалып кеткен баланы тапты

Абай облысы Арбат ауданы Алакөл көлінің жағалауын патрульдеу кезінде ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары ата-анасынан айырылып қалған баланы тауып алды.

ТЖМ

Алматы, NEGE. Құтқарушылардың қырағылығы мен кәсібилігінің арқасында бала ата-анасына берілді. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.

Баланың әкесі ТЖМ құтқарушыларына алғысын білдірді.

Абай облысы ТЖД құтқарушылары демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алакөл көлінің жағалауында күнделікті патрульдеуді жалғастыруда.