Ақтөбеге шұғыл қонған ұшақтан қандай ақау шыққаны мәлім болды

Астана әуежайынан ұшып шыққаннан кейін қозғалтқыштардың бірі істен шыққан. Осы себепті әуе кемесінің экипажы PAN-PAN шұғыл дабылын жариялауға мәжбүр болған.

Air Astana

Астана, NEGE. Экипаж Ақтөбе қаласындағы қосалқы әуежайға қонуды ұйғарған. Әуе кемесінің бортында 93 жолаушы, оның ішінде төрт бала мен бір нәресте, сондай-ақ экипаждың тоғыз мүшесі болған.

«Әуе кемесі Ақтөбе әуежайына жергілікті уақыт бойынша сағат 11:34-те штаттық режимде қонды. Экипаж әуе кемесінің жедел пайдалану жөніндегі анықтамалығында (QRH – Quick Reference Handbook) көзделген рәсімдерге сәйкес әрекет етті. Қонғаннан кейін әуе кемесі тұрақ орнына өздігінен жетті. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында әуежайдың авариялық-құтқару және тиісті жерүсті қызметтері жұмылдырылды. Авиациялық оқиға әуе кемесінің қозғалтқыш жүйесіндегі техникалық ақауға байланысты болды», – деп хабарлады Көлік министрлігі.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер немесе әуе кемесінің зақымдануы туралы ақпарат түскен жоқ.

Ведомство мәліметінше, бұл авиациялық оқиға күрделі инцидент ретінде қарастырылып отыр. Оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеп-тексеру департаменті тергемек.

Еске салсақ, 8 мамыр күні Астана – Франкфурт бағыты бойынша KC921 рейсін орындаған Air Astana әуе компаниясының ұшағы Ақтөбеге шұғыл қонды.

Қазір оқып жатыр

Ата-аналар елімізде эпилепсияға қарсы дәрі тапшы деп шағымдануда

Тоқаев Алатау қаласы туралы Конституциялық заңға қол қойды

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: зардап шеккен бір адам санавиациямен Астанаға жеткізілмек

Үкімет ERG-дегі үлесін арттыруды жоспарлап отырған жоқ