Ақтөбе облысында прокурор ұсталды

Желідегі ақпаратқа қарағанда, прокурор облыстық прокуратура ғимаратының алдындағы автотұрақта ірі көлемде ақша алып жатқан жерінде ұсталған.

gov.kz

Астана, NEGE. Ақтөбе облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі прокурордың ұсталғанын растады.

«2026 жылғы 17 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің орталық аппараты Бас прокуратураның Өзіндік қауіпсіздік департаментімен бірлесіп, Ақтөбе облысы прокуратурасының қызметкерін ұстады», – делінген ведомствоның ресми хабарламасында.

Қазіргі уақытта прокурорға қатысты тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, ҰҚК Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты тергеу жүріп жатқанын растады.

Қазір оқып жатыр

Қаракемердегі оқушылар қазасы: облыс әкімінің орынбасары оқиға орнына барды

Саясаттанушы: Бір мандаттылар Парламентті түбегейлі өзгертіп жіберді деу қиын

Еуропалық Одақ қытайлық Temu, Shein және басқа маркетплейстеріне айыппұл салуы мүмкін

Қарағанды облысында екі мотоцикл бір-біріне соғылып, жүргізушілері қаза тапты