USD
USD
USD

ҰҚК Жақсылық Омарға қатысты тергеу жүріп жатқанын растады

Таяуда әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны жөнінде ақпарат тараған еді.

Жақсылық Омар
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жақсылық Омарға қатысты іс тіркелгенін растады.

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті сауалыңызды қарады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз», – деп қысқа қайырған ведомство өкілдері Nege.kz-ке берген жауабында.

Айта кетейік, бұған дейін облыс әкімдігінің баспасөз қызметі Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпаратқа пікір білдіріп, оның денсаулығына байланысты уақытша еңбек демалысына шыққанын хабарлаған еді.

Жақсылық Омар Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін 2025 жылдың сәуір айынан бастап атқарып келеді. Оған дейін 2018–2024 жылдар аралығында Өскемен қаласын басқарған.

Қазір оқып жатыр

«Экспресс Займ» қаржы ұйымы 43 мың адамды алдаған: директордың орынбасары үйқамаққа алынды

Күдіктілер

Ақорданың ақпараттық блогында кадрлық ауыс-түйістер болды

Евгений Кочетов, Қанат Құлшыманов

Дзюдошы Бексұлтан Құлмырза V Азия Пара ойындарында ел қоржынына тағы бір алтын медаль салды

Бексұлтан Құлмырза

Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы ұсталды: СІМ түсініктеме берді

Заң