Ақтөбе облысында қызғалдақпен суретке түскен әкімге қатысты сот отырысы басталды

Сот отырысында Мұғалжар ауданы Жұбанов ауылдық округінің әкімі кінәсін мойындамады.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Айтуынша, гүлді отбасымен табиғат аясында демалып жүргенде қыздары сыйлаған. Ал ол жерде өсімдікті жұлуға болмайтыны туралы ескерту белгілері болмаған.

Арнайы шақырылған маман да суреттегі қызғалдақтың «Қызыл кітапқа» енген түрі екенін нақты айта алмады. Сот отырысы кейінге қалдырылды.

Айта кетейік, әкім қызғалдақпен түскен суретін әлеуметтік желіге салып, ол құқық қорғаушылардың назарын аударған. Нәтижесінде, оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылған.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?