Ақтауда әскери бөлім командирі сарбаз өліміне байланысты сотқа тартылмақ

Бас әскери прокуратура Ақтау гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінің командиріне қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталғанын хабарлады. Ол қызметтік міндеттеріне салғырт қараған деп айыпталып отыр. Салдарынан 17 ақпанда сарбаз Р. Жайғалиев қаза болған.

gov.kz

Астана, NEGE. Әскери қадағалаушы орган мәліметінше, тергеу барысында бөлім командирі жеке құрамды бақылауды және қарумен жұмыс істеу тәртібін қамтамасыз ету бойынша жарғылар мен ведомстволық бұйрықтарда көзделген шараларды қабылдамағаны анықталған. Осы жағдай «түптеп келгенде қайғылы оқиғаға себеп болған».

Әскери прокурорлардың мәлімдеуінше, жеткілікті дәлелдер жинақталып, қажетті сот сараптамалары жүргізілген.

«Нәтижесінде қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.

Сонымен қатар барлау-шабуыл батальонының командирі, оның орынбасары және рота командирі қызметтерінен босатылды, 10 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – делінген хабарламада.

Еске салсақ, 23 қаңтарда сарбаз Қазыбек Оспановтың қазасы дерегі бойынша Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің батальон және взвод командирлеріне қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеру аяқталғанын хабарлаған едік.

Прокуратура мәліметінше, тергеу барысында лауазымды тұлғалардың бірнеше рет жарғыдан тыс қарым-қатынасқа жол бергені, қаза болған әскери қызметшіге және оның алты қызметтесіне психологиялық қысым көрсеткені анықталған.

Қазір оқып жатыр

Ең қымбат күзетші. Инвестициялық қор НЕГЕ өзін-өзі асырай алмай қалды?

Әлеуметтік желілер мен интернетте заңсыз үгіт-насихат жүргізгені үшін айыппұл салынбақ

Атыраудағы отбасы қазасы: қызы туыстарының өліміне қатысы жоқ деп танылды

Ұлттық Банк Avtobys жүйесіне қатысы бар компанияны төлем ұйымдарының тізілімінен шығарды