Ақтауда 54 жастағы есірткі сатушыны арнайы жасақ ұстады

Ақтауда 54 жастағы есірткі сатушыны арнайы жасақ ұстады.Оқиға 31 шілдеде болғанымен, ер адамның ұсталған сәтінде түсірілген видео енді ғана жарияланды, деп жазды Lada.kz.

u-f.ru

Алматы, NEGE. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға қаладағы 6-шағын ауданда болған.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Бүркіт" арнайы бөлімшесімен бірге 54 жастағы жергілікті тұрғынды ұстаған. Тінту кезінде одан есірткі заттары табылды. Сонымен қатар медициналық сараптама ер адамның есірткіге мас күйінде болғанын анықтады.

Ұсталған азаматқа ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі ("Есірткінің заңсыз айналымы") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК 440-1-бабы ("Есірткіні медициналық емес мақсатта қолдану") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Қазір оқып жатыр

Алматылықтардың мазасын алған тәжікстандық жасөспірімдер елден шығарылды

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді