24 ноября 2023 г. 17:02

Ақсу қант зауыты толық жөндеуден өтіп, биыл қайта жұмыс істей бастады

Фото:

Қызылшаны субсидиялау нормативі тоннасына 15 мыңнан 25 мың теңгеге дейін ұлғайды. 

Алматы, NEGE. Нәтижесінде қант қызылшасының алқабын 2 есе көбейтіліп, 8 мың га жетті. Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың айтуынша, биыл қант зауыттарына 330 мың тонна тәтті түбір, жыл соңына 42 мың тонна қант өндіру жоспарлануда.

Бұған қоса қант құрағынан 29 мың тонна қант өңделеді.

«Барлығы 71 мың тонна қант өндірілмек. Облыстың қажеттілігі 11 мың тонна, қалғанын басқа аймақтарға береміз», - деді аймақ басшысы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Тегтер: